ru24.pro
World News in Kazakh
Февраль
2024

Қазақстанда киіктерді ату тоқтатылды

0

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Қазақстанда киіктерді ату тоқтатылғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Отандық ғалымдар және халықаралық сарапшылармен кеңесіп, пікірталас жүргізгеннен кейін киіктерді ату тоқтатылды. Сонымен қатар, қыс мезгілі - далада жүру қиындай түсті. Сондықтан 10 ақпаннан бастап ақбөкендердің санын реттеу процесін тоқтаттық. Былтырғы төлдеуді есепке ала отырып, биыл мамырда мұқият егжей-тегжейлі есепке алу жүргізілді", - деді Нысанбаев Мәжіліс кулуарында.

Министр киік саны тағы 40 пайызға артады деп болжап отыр.
Шенеунік 10 ақпаннан кейін киіктерді ату заңсыз деп есептелетінін айтты. Олардың популяциясын реттеу бойынша жұмыс келесі жылы жүргізіледі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!