Биыл Қазақстанда жойқын жер сілкінісі бола ма – сейсмолог жауап берді
АЛМАТЫ. KAZINFORM - Сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығы комиссиясының соңғы деректері бойынша Алматыда сейсмикалық жағдай тұрақты. Биыл Қазақстанда жойқын жер сілкінісі күтілмейді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде ғылыми орталық директоры Дәулет Сәрсенбаев айтты.