Алматы-Бішкек тасжолындағы жантүршігерлік жол апаты: екі адам қаза тапты
Кеше түнде Алматы-Бішкек тасжолында адам өлімімен аяқталған жол апаты болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы облыстық ПД баспасөз қызметі мәліметінше, 11 ақпанда сағат 23:00 шамасында Алматы-Бішкек тасжолы бойында келе жатқан KIA көлігінің 38 жастағы жүргізушісі Toyota көлігімен бетпе-бет соқтығысқан.
Апат салдарынан KIA көлігінің жолаушысы мен жүргізушісі оқиға орнында қаза болған. Екінші көліктің жүргізушісі түрлі дене жарақатымен Қаскелең ауруханасына жеткізілді.
"Бұл факт Қарасай аудандық ПБ-да абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған жол қозғалысы ережесін бұзу белгілері бойынша қылмыстық құқық бұзушылық дерегі тіркеліп, қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындалып, барлық қажетті тексеру шаралары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады Полиция департаментінен.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!