Қоршаған ортаны ластаған кәсіпорындарға 322,9 млрд теңгеге айыппұл салынды
АСТАНА. KAZINFORM – Өткен жылы елімізде кәсіпорындардың қоршаған ортаны ластамау талаптардың бұзылуына қатысты 1 679 факті анықталып, жалпы көлемі 322,9 млрд теңгеге әкімшілік айыппұл салынды. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев мәлім етті.