Шикізаттық емес тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің экспортын ілгерілету туралы заңнама бекітілді
АСТАНА. KAZINFORM – Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экспорттық-кредиттік агенттік және шикізаттық емес тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) экспортын ілгерілету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты мәлімдеді.