COVID-19 вирусына шалдыққандар саны өсті - Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әлемде
АСТАНА. KAZINFORM - 11 желтоқсан мен 7 қаңтар аралығында әлемде коронавирус инфекциясын жұқтыру көрсеткіші алдыңғы төрт аптамен салыстырғанда 4%-ға өсті, бұл ретте науқастардың ең көп саны Ресейде анықталған – 225 198. Сонымен бірге, әлемде өлім-жітім орта есеппен 26%-ға төмендеді, делінген Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) хабарласында, деп хабарлайды ТАСС ақпарат агенттігі.