ru24.pro
World News in Kazakh
Январь
2024

Алматылықтардан жатаханалар қирағаны туралы жалған ақпаратқа сенбеу сұралды

0

Ғылым және жоғары білім министрлігі Алматыда студенттер жатақханаларына қатысты жағдай тұрақты екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Университет жатақханаларының ешқайсы бүлінген жоқ. Сондай-ақ, студенттерде де бәрі жақсы. Жалған ақпаратқа сенбеуді және таратпауды сұраймыз", - делінген хабарламада.

Полицейлер ескертті: жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік бар.

Еске салайық, Алматыда жер сілкінісі болды. Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 264 шақырым жерде Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында орналасқан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!