Президент Тоқаев Алматыға барады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға бұрын жоспарланған іссапар бойынша барады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тоқаев 24-25 қаңтарда Алматыға барады.
"Мемлекет басшысы бірқатар нысандарды, соның ішінде қаңтар оқиғасынан кейін күрделі жөндеуден өткен әкімдік ғимаратын аралап, онда қаладағы жағдай бойынша кеңес өткізеді", - делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!