Астана тұрғындары жер сілкінісінен қорқуы керек пе?
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Астанадағы жер сілкінісі туралы журналистер сұрағына жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Атап айтқанда, министрге неге елорда тұрғындары да жер сілкінісін сезді деген сұрақ қойылды.
"Дүмпу айтарлықтай күшті болды, жақын орналасқан. Қазақстан Қырғызстан және Қытаймен шекаралас жерде, шамамен 250-260 шақырым. Автершоктар, бұл - сейсмикалық толқын, Рихтер шкаласы бойынша 6,5-7 шамасында болған. Сондықтан, оны Орталық Қазақстанда сездік, бұл толқын өтті, ол оңтүстіктен солтүстікке бағытталған, итеріп, бізге қарай көтерілді. Сондықтан да біз оны өте әлсіз болса да сездік", - деп түсіндірді Нұрбек.
Сондай-ақ, журналистер астаналықтар жер сілкінісінен қорқу керек пе, елорда үшін қандай да бір салдар болуы мүмкін бе деген сұрақтар қойды.
"Жоқ, Астана Тұран платформасында орналасқан, өте тұрақты, көне, жас емес. Сондықтан, бұл жай ғана афтершок болды, толқындары осында жетті. Дүмпудің өзі күшті болды. Алаңдайтын ештеңе жоқ", - деп қорытындылады министр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!