Алматылықтар тағы жер сілкінісін сезді
Қырғызстан мен Қытай шекарасында жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жер сілкінісін Төтенше жағдайлар министрлігінің "ННЦСН и И" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 23 қаңтарда Астана уақытымен сағат 15:07-де тіркеді.
"Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 264 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 11,6. Магнитудасы MPV - 4,9", - делінген хабарламада.
Алматыда 2 баллдық жер сілкінісі сезілді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!