«Ұят болады» деп он жыл шыдап, мүгедек болдым – Дағдарыс орталығындағы әйел
Ақтөбе қаласындағы дағдарыс орталығын былтыр 194 қызмет алушы паналады. Оның 64-і әйел, өзгесі бала. Kazinform тілшісіне сұхбат берген қызмет алушы жылдар бойы шыдап, мүгедек болып қалғанын жасырмады. Отбасындағы зорлық-зомбылықтың құрбаны болған ол далада қалғанда арнайы орталықтардың үлкен көмек болғанын айтып берді.