Армияға шақыруды кейінге шегеру: Антикор әскери қызметкерге қатысты іс қозғады
Өскемен қорғаныс істері басқармасының басшысы пара алды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Өскемен Қорғаныс істері басқармасының кадрлық қамтамасыз ету бөлімінің бастығына қатысты соталды тергеу аяқталғанын хабарлады.
"Ол Қазақстан азаматтарынан мерзімді әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру үшін бірнеше рет пара алды деген күдікке ілінді. Қазіргі уақытта қылмыстық іс сотқа жіберілді", - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ресми өкілі Арман Тілеуқанов.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!