ru24.pro
World News in Kazakh
Январь
2024

ШҚО-да шатырдан құлаған қалың қар әйелдің үстіне түсті: видео

0

Желіде оқыс оқиғаның видеосы тарады. Видеода ғимараттан шығып келе жатқан әйелдің үстіне төбеден қатқан қардың құлағаны көрсетілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Yk-news.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға қаңтардың басынан бері бір айлық жауын-шашын түскен Алтайда болған.

Басылым Алтайды биылғы қыста қалың қар басқанын жазады. Сол себепті қазір мектеп оқушылары қашықтан білім алып жатыр.

"Жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін шенеуніктер қала тұрғындарын көпқабатты үйлердің төбесінен қар мен мұзды тазалауға шақырады. Алайда алдын алу мүмкін болмады: қалың қар көпқабатты үйдің төбесінен кіреберістен шыққан зейнеткерге құлады", - деп жазған басылым.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!