ru24.pro
World News in Kazakh
Декабрь
2024

Новости за 18.12.2024

Әділет министрлігі: Қазақстан үкіметі мен Стати арасындағы дау реттелді

Azattyq.org 

Қазақстан үкіметі мен молдовалық кәсіпкер Анатол Стати арасындағы дау реттелді. Бұл туралы 18 желтоқсанда Қазақстанның әділет министрлігі хабарлады. "Қазақстан үкіметі, Ұлттық банк пен Стати тараптары Tristan Oil жетекші кредиторларының қолдауымен және келісімімен Қазақстандағы мұнай-газ активтері туралы ұзаққа созылған дауды реттеуді сәтті аяқтады", – деп мәлімдеді министрлік. Әділет министрлігі мәселені түпкілікті реттеу туралы қол қойылған келісім алда дау шықса, оларды қайта бастау құқығынсыз тоқтатуға негіз болады деді. Читать дальше...

"Қазақмыстағы" бірнеше шахтада жұмыс тоқтап, кеншілер ереуілдеп тұр

Azattyq.org 

Ұлытау облысы Сәтбаев қаласындағы "Қазақмыс" корпорациясына тиесілі бірнеше шахтада кеншілер ереуілдеп жатыр. Олардың бірі Азаттыққа ереуіл 18 желтоқсан күні таңертеңгі 7-де басталды деді. Сәтбаев қаласы маңындағы "Қазақмыстың" алты шахтасында жұмыс істейтін кеншілер жер бетіне шықпай тұр. Азаттық сөйлескен ереуілші мыңнан астам адам жұмысты тоқтатты деп айтты. "Бүгін жұмысқа кірісуім керек еді, бірақ бізді жер астына түсірмей тұр. Өйткені ондағы адамдар көбейіп кете ме деп қорқады", – деді аты-жөнін атағысы келмеген ереуілші. Читать дальше...