ru24.pro
World News in Kazakh
Ноябрь
2024

Новости за 29.11.2024

Qazaq Bank-тің бұрынғы акционері Бақыт Ибрагимнің өліміне қатысты іс тоқтатылды

Azattyq.org 

Qazaq Bank-тің бұрынғы акционері, кәсіпкер Бақыт Ибрагимнің өліміне қатысты қозғалған қылмыстық іс тоқтатылды деп жазды Алматы қалалық полиция департаментіне сүйенген Қазақпарат. Бақыт Ибрагимді жергілікті БАҚ жоғары лауазымды шенеунік Бақытжан Сағынтаевтың күйеубаласы деп атайды. Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі ақпарат агенттігіне "қылмыс құрамы болмағандықтан іс тоқтатылғанын" хабарлаған.  Кәсіпкер Бақыт Ибрагимнің өлі күйде табылғанын ақпарат құралдары биыл наурызда хабарлаған. Читать дальше...

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 15,25%-ға дейін көтерді

Azattyq.org 

Қазақстан Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені 14,25%-дан 15,25%-ға дейін көтерді. "Қазақстан Ұлттық банкінің ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/- 1 проценттік пункт дәлізімен жылдық 15,25% деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады. Шешім жаңа болжамдар мен инфляция тәуекелдері балансының бағалауын ескере отырып қабылданды", – деп жазылған 29 қарашада жарияланған Ұлттық банк хабарламасында. Базалық мөлшерлеме – бұл орталық банктің ақша құнын басқару тетігі. Ұлттық банк базалық... Читать дальше...

Ұлттық банк валюта интервенциясын жүргізетінін мәлімдеді

Azattyq.org 

Қазақстан ұлттық банкі теңгені құлдыратпай ұстап тұру үшін валюта интервенциясын жүргізетінін мәлімдеді. Бейсенбі күні банк хабарлама жариялаған күні Қазақстанның қор биржасында доллар 513 теңгеден сатылды. "Тұрақсыздандыратын ауытқуларды болдырмау, теңгенің айырбас бағамының артық құбылмалылығын тегістеу үшін және шетел валютасын ұсынуды қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық банк валюталық интервенциялар жүргізеді" деп жазылған Ұлттық банктің хабарламасында.  Kurs.kz сайтының мәліметінше, 29 қарашада... Читать дальше...

Қазақстан мен Каспий мұнай құбыры жайлы жаңа журналистік зерттеу не дейді?

Azattyq.org 

Халықаралық зерттеуші журналистер консорциумы (ICIJ) мен оның 26 медиа серіктесі (арасында Азаттық та бар) бірлесіп екі жыл бойы жүргізген жаңа зерттеуде Қазақстандағы стратегиялық маңызы бар Каспий құбыры мен сол арқылы шикізат жөнелтетін мұнай кен орындарына қатысы бар келісімдер талданған.