ru24.pro

World News in Kazakh

Новости от Russia24.pro

Russia24.pro Каталог
Март
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Все новости

НАТО Түркия әуесінде баллистикалық ракетаны атып түсіргенін мәлімдеді

Azattyq.org 

НАТО Түркия әуесіне кірген баллистикалық ракетаны атып түсіргенін мәлімдеді. Бұл – АҚШ пен Израиль Иранға шабуыл бастағалы Түркияға бағыттталған екінші ракета. "НАТО тағы да Түркияға келе жатқан ракетаны атып түсірді. НАТО өзінің мүшелерін кез келген қауіптен қорғауға дайын" деп мәлімдеді альянс 9 наурызда. Түркия қорғаныс министрлігі жағдайды растап, ракетаның сынықтары Сириямен шекараға жақын Газиантеп қаласындағы бос далаға құлады деп мәлімдеді. Түркия тарабы қаза тапқандар мен жараланғандар жоқ дейді. Читать дальше...

Қазақстан Израильден қазақстандықтарды эвакуациялауға көмек сұрады

Azattyq.org 

Қазақстан сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Израиль сыртқы істер министрі Гидеон Саармен телефон арқылы сөйлесіп, Израильде жүрген қазақстандықтарды эвакуация жасауға көмек сұрады. Бұл туралы Қазақстан сыртқы істер министрлігі хабарлады. Ведомствоның мәліметінше, Көшербаев Израиль сыртқы істер министрі Саармен сөйлескенде "азаматтардың эвакуациясы Қазақстан үшін өте маңызды" екенін айтқан. Ал Саар Израиль тарабы Қазақстан азаматтарының эвакуациясын ұйымдастыруға бар күштерін салатынын, бұл мәселені жеке бақылауына алғанын мәлімдеген. Читать дальше...