Алматыда пәтерді тәулікке жалға беруге қатысты бірнеше алаяқтық дерегі әшкереленді
Алматыда пәтер жалдаумен байланысты интернет-алаяқтық деректері әшкереленді, деп хабарлайды Tengrinews.kz Алматы полициясына сілтеме жасап.
Бостандық аудандық полиция басқармасына қарасты полиция бөлімінің қызметкерлері пәтерді тәулікке жалға беру желеуімен жоқ баспана туралы хабарландыру жариялап келген жас жігітті құрықтады.
Баспана іздеген азаматтар тиімді ұсынысқа қызығып, хабарласқан. Алайда тартымды хабарландырулардың астарында алаяқтық схема жатқан. Уәде етілген пәтердің орнына тұрғындар алдаудың құрбаны болды.
Бүгінгі таңда ұсталған азаматтың 32 алаяқтық эпизодына қатысы бар екені анықталды. Күдікті қамауға алынып, аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Полиция қызметкерлері интернеттегі пәтердің әдемі суретінің артында қауіп жасырылуы мүмкін екенін ескертеді.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Алматы қаласының ПД жарияланымы (@almaty.police)