Таңғы сегізден шулап, шаң көтереді: Алматы тұрғындары көшені тазалау әдісіне шағымданды
Алматы тұрғындары көшені ауа үрлегішпен тазалауға шағымданды. Қала халқының айтуынша, техника көшені тазартудың орнына, шаң көтереді. Бұған қоса, агрегаттар тұрғындардың мазасын алатын қатты дыбыс шығарады. Әкімдік мұндай техниканы пайдалану қаншалықты қажет екенін, оны қолдануға қай жерде тыйым салынғанын және коммуналдық қызметкерлер тазалау ережесін бұзған жағдайда қайда шағымдануға болатынын түсіндірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Агрегат гуілдейді, шаң көтеріледі
Алматыда көше тазалауға үйреншікті сыпырғыштың орнына ауа үрлегіш жиі пайдаланылатын болған.
Анықтама: Ауа үрлегіш - қуатты ауа ағынын шығаратын электр немесе бензинді қозғалтқышы бар құрылғы. Ол көше, тротуарлар, саябақ пен басқа да аумақтарды тазалауға, жапырақтарды, ұсақ қоқыс пен шаңды жинап алуға қолданылады.
Коммуналдық қызметкерлер арнайы құрылғыны ұстап, тротуар мен көгалға түскен жапырақтарды қатты гуілмен үрлеп жатады. Заманауи естіледі, технологиялық көрінеді. Бірақ тұрғындарда бұл жаңашылдыққа қатысты сұрақ көбейген.
Қала тұрғындарының айтуынша, ауа үрлегіш шаң көтеріп, ол айналаға тарап, қаланың онсыз да таза емес ауасын одан әрі ластайды.
"Жұмысшыларға тазалауға арналған бұл құралдарды не үшін таратқан? Қалада түрлі газ бен құрылыс шаңынан ауа жетпей отырғанда, бұлар тағы бір мәселе қосты", - дейді қала тұрғындары өз пікірлерін бөлісіп.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Tengri Almaty (@tengri.almaty) жарияланымы
Тұрғындардың тағы бір шағымы - техникадан шығатын шу.
Кейде тазалау жұмыстары таңғы сағат 8-де басталады, салдарынан ұзақ ұйықтайтын адамдарға оянуына тура келеді.
"Осы шуға тұрарлықтай әсерлі нәтиже болса бір сәрі. Бірақ жапырақ бір жерден екінші жерге үрленіп, азайып жатқаны шамалы", - деп атап өтті тұрғындар.
Біз әкімдіктен қарапайым сыпырғыш неге ауа үрлегішке ауыстырылғанын, мұндай техниканы қай кезде пайдалануға рұқсат етілгенін және қала тұрғындары коммуналдық қызметтердің жұмыс сапасына көңілі толмаған жағдайда қайда шығымдана алатынын білмек болдық.
Үрлеу немесе сыпыру - шешімді коммуналдық қызметтер қабылдайды
Әкімдік мәліметінше, көше тазалауға арналған техниканы таңдау коммуналдық қызметтердің өз еркінде. Қайда жерде ауа үрлегішті, ал қай жерде үйреншікті тазалау әдістерімен шектелуді солар шешеді. Бұл ретте жергілікті жерлерде ереженің сақталуын шеберлер мен учаске бастықтары қадағалауы тиіс.
"Ауа үрлегіш көгалдардан, бұталардың астынан және қолмен тырмалап жинау едәуір көп уақытты қажет ететін әрі көгал жабынына зақым келтіруі мүмкін басқа да жетуі қиын жерлерден түскен жапырақтарды жинауда тиімді", - деп түсіндірді баспасөз қызметі.
Бұл ретте агрегатпен жұмыс істеу уақытына қатысты шектеу бар. Тұрғындардың мазасын алмау үшін тұрғын үйлердің маңында ауа үрлегішті сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін қосуға рұқсат етілген. Әкімдік мәліметінше, ал магистральды көшелерде тазалау жұмыстары қозғалысқа кедергі келтірмеу үшін негізінен түнде және таңертең ерте жүргізіледі.
Адамдардың жанында жұмыс істеу ережесі де бар. Әкімдік ақпаратына сәйкес, коммуналдық қызметкерлерге ауа ағынын жаяу жүргіншілерге, тұраққа қойылған көліктерге, тұрғын үйлердің терезесіне және аялдамаларға бағыттауға тыйым салынған. Егер жақын жерде жаяу жүргінші өтіп бара жатса, ауа үрлегішпен тазалауды тоқтата тұру керек.
Бұл ретте құм мен шаң жиналған учаскелерде мұндай құрылғыны пайдалануға болмайды. Әкімдік ол үшін алдын ала ылғалдандырып сыпыру, қолмен тазалау және вакуумдық техника қарастырылғанын атап өтті.
Дегенмен, тәжірибе көрсетіп отырғандай, белгілі бір учаскелерді тазалау талабы әрдайым барлық жерде бірдей сақтала бермейді.
Коммуналдық қызметтерге қатысты қайда шағымдануға болады?
Әкімдік тұрғындардың шу мен ауа үрлегішті пайдалану кезіндегі ереже бұзушылықтарға қатысты шағымдарын жеке тәртіппен қарауға дайын екенін хабарлады. Егер терезе түбінде "реактивті қозғалтқыш" тым ерте қосылса немесе коммуналдық қызметкерлер шаң көтерсе, қала тұрғындары бұл туралы eOtinish платформасы немесе әлеуметтік желілер арқылы хабарлай алады.
Шағымды тиісті аумақты күтіп ұстауға және тазалауға жауапты бюджеттік бағдарлама әкімшісінің атына, сондай-ақ Алматының коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы мен тұрғын үй инспекциясына жазу қажет.
"Ауа үрлегішті пайдалану кезінде тұрғындардан шағым түскен жағдайда әрбір мекенжай жеке тәртіппен қаралады. Тиісті шаралар қабылдау және тазалау жұмыстары тәртібін түзету үшін коммуналдық қызметтердің басшыларына тиісті тапсырма беріледі", - деп хабарлады әкімдік.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Алматы тұрғындары құрылыс жұмыстары кезінде шаң көтерілетініне шағымданған. Тұрғындардың айтуынша, құрылысшылар тротуар плиткаларын алдын ала ылғалдандырмай кеседі, салдарынан айналаны шаң басады.
Сол кезде әкімдік құрылыс жұмыстары қандай тәртіппен жүргізілуі керек және белгіленген талаптардың сақталуына кім жауапты екенін, заңбұзушылық болған жағдайда тұрғындар қайда шағымдана алатынын түсіндірді.