Қамауға алынып, көлік басқару құқығынан айырылды: Астанада жүргізуші мемлекеттік нөмірін жауып қойған
Көкшетау-Астана тасжолында полиция қызметкерлері Scania жүк көлігін тоқтатты, деп хабарлайды Tengri Auto Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Тексеріс барысында 54 жастағы шетел азаматы мемлекеттік тіркеу нөміріндегі кейбір әріптер мен сандарды изолентамен жауып, нөмірді оқуды қиындатпақ болғаны анықталды.
Құқықбұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен ол бір тәулікке әкімшілік қамауға алынып, бір жылға көлік басқару құқығынан айырылды.
Полиция көлік нөмірін қасақана жасыру немесе өзгерту заң бойынша жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.
Тағы оқыңыз: 56 көлік шетелге шығарылған, 48 адам ұсталды: ІІМ көлік алаяқтарын әшкереледі
