ru24.pro
World News
Ноябрь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

180 пәтер: Алматы облысында бес пайыздық ипотекаға өтінім қабылдау басталды

0

Шаршы метрдің құны - 190 мың теңге. Кезекте тұрғандар Отбасы банктен жылдық бес пайызбен алдын ала немесе аралық қарыз ала алады.2026 жылғы 13 қарашада Алматы облысында жеңілдікті ипотекаға өтінім қабылдау басталды. Тұрғын үй кезегінде тұрғандар Есік қаласындағы 180 пәтердің біріне ие бола алады.

"Нысанды пайдалануға беру мерзімі: 10.11.2026 жыл. Тұрғын үйдің бір шаршы метрінің құны: таза әрлеудегі күйінде 190 000 теңге", - делінген Отбасы банк сайтында.

60 пәтерлі үш үй Набережная көшесінде орналасқан.
Жеңілдікті ипотекаға өтінімдер қабылдау туралы хабарландыру. otbasybank.kz сайтынан скриншотПәтерлердің бағасы ауданына байланысты 6,8 миллионнан 12,9 миллион теңгеге дейін ауытқиды:

ауданы 35,8 шаршы метр болатын 45 бір бөлмелі пәтер;ауданы 47,1 шаршы метр болатын 45 екі бөлмелі пәтер;ауданы 68,3 шаршы метр болатын 90 үш бөлмелі пәтер.

Өтінімдерді қабылдау 2026 жылғы 27 қарашаға дейін жалғасады. Қатысушыларды іріктеу 30 қарашада өтеді.

"Қатысушыларды іріктеу тұрғын үйге мұқтаждар есебіне қойылған күн бойынша жүзеге асырылады. Есепке қойылған күндер сәйкес келген жағдайда - Otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталында қатысуға өтінім берген күн мен уақыт бойынша анықталады", - деп атап өтті Отбасы банкінде.

Үміткерлерге қойылатын негізгі шарттар: тұрғын үйге мұқтаж ретінде кезекте тұру және Отбасы банкіндегі депозитте тұрғын үй құнының кемінде 10 пайызы мөлшерінде алғашқы жарнаның болуы.Өтінімді оtbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталында беруге болады, нысан коды - 10 626.Өтінімді қалай беру керектігін мына жерден көріңіз:

Тағы оқыңыз:ҚР ӘҚБтК-нің 492-бабы қарапайым тілмен: тіркеусіз және жеке куәліксіз жүргені үшін қандай жаза қарастырылған?