ru24.pro
World News
Ноябрь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

Мұғалімдерден ғалымдарға дейін: Тоқаев кімдерді марапаттады?

0

10 қарашада Тәуелсіздік сарайында Президент еліміздің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық дамуына елеулі үлес қосқан азаматтарға мемлекеттік марапаттарды табыстады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтема жасап.
Мемлекет басшысының жарлығымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық дамуына қосқан зор үлесі үшін мына тұлғалар марапатталды:"Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағыҚұрманбайұлы Шерубай – "Халықаралық "Қазақ тілі" қоғамы" ҚБ вице-президенті, Астана қаласы;Ақорданың баспасөз қызметінің суреті
"Ел бірлігі" ордені
Абдрахманов Сауытбек Абдрахманұлы – "Халықаралық "Қазақ тілі" қоғамы" ҚБ орталық кеңесінің мүшесі, Астана қаласы;"Құрмет" ордені
Габерман Эльдана Александровна – Қорғаныс министрлігі Орталық ансамблінің солисі;Ақорданың баспасөз қызметінің суреті
Данченко Анна Александровна – "әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті" КЕАҚ оқытушысы, Алматы қаласы;Манкеева Жамал Айтқалиқызы – "А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты" РМК бас ғылыми қызметкері, Алматы қаласы;Рысберген Қыздархан Құрмашқызы – "А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты" РМК бас ғылыми қызметкері, Алматы қаласы;Ақорданың баспасөз қызметінің суреті
"Ерен еңбегі үшін" медалі
Кузнецов Максим Александрович – Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданындағы "Кустов негізгі мектебі" КММ мұғалімі;Әубәкіров Ержан Бейсембекұлы – "Білім Орда" халықаралық қоғамдық қорының президенті, Астана қаласы;Әбілқасымов Бекзада Пәкизадаұлы – Bilim Group компаниялар тобының бас заңгері, Астана қаласы;Құрманжан Анар – BMG UpSkill компаниясының жоба жетекшісі, Астана қаласы;

Ақорданың баспасөз қызметінің суреті
"Шапағат" медалі
Кравчук Евгений Анатольевич – Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы "Юрий Гагарин атындағы орта мектеп" КММ мұғалімі;Лагуткина Юлия Николаевна – қазақ тілі пәнінің оқытушысы, Көкшетау қаласы;Пимичева Анель Витальевна – Qostanai TV телеарнасының редакторы, Қостанай облысы;Фролов Александр Игоревич – музыкант, әнші, Қостанай облысы.

Ақорданың баспасөз қызметінің суреті
Айта кетейік, 10 қарашада Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақ тілі" халықаралық қоғамының X құрылтайында сөз сөйледі. Президент бұл жиынның маңызы ерекше екенін мәлімдеді. Мемлекет басшысының айтуынша, ана тілі мәселесі - мемлекеттік, саяси және жалпыұлттық мәнге ие мәселе.