ru24.pro
World News
Ноябрь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

Қарағанды облысында алтын іздеушілер тұрғындардың мазасын алған

0

Қарағанды облысындағы кішкентай Майөзек ауылының тұрғындары мазасызданып отыр. Бұрын бұл өңірде алтын өндірілген, алайда кейін кәсіпорын жұмысы тоқтатылған еді. Қазір алтын іздеушілер бағалы металды табу үшін күндіз-түні жер қазып жатыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz-ке КТК арнасына сілтеме жасап.
Телеарна мәліметінше, бар болғаны 30-ға жуық отбасы тұратын бұл елді мекен туралы биылға дейін ешкім біле бермейтін. Ал қазір бұл жер алтын іздеушілерді магнитше тартып тұр. Олар жерді қолмен де, техникамен де қазады. Ауыл тұрғындары малдары үшін алаңдаулы: жануарлар қазылған шұңқырларға түсіп кетуі мүмкін.
Полиция әрбір шақыртуға ден қойып жатқандарын, тіпті заңсыз өндіріспен айналысқан күдіктілердің көліктерін тәркілегендерін айтады.

"Жүргізілген жұмыс барысында арнайы айыппұл тұрағына 30 көлік құралы мен 10 арнайы техника қойылды. Бұдан бөлек, бағалы металдарды іздеуге пайдаланылуы мүмкін 40-тан аса металл іздегіш құрылғы тәркіленді", - деп хабарлады Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Соған қарамастан, бұл әзірге алтын іздеушілерге тосқауыл бола алмай тұрған көрінеді.

Қазақстаннан Түркияға 227 миллион теңгенің “алтын“ чемодандарын алып өтпек болғандар әшкереленді