ru24.pro
World News
Ноябрь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

“Тұрғындар жылуға, ол жиі өшетініне шағымданып жатыр“: Бектенов үш қаланы атады

0

Премьер-министр Олжас Бектенов Ақтау, Павлодар және Петропавл тұрғындарының жылу сапасына және оның өшірілуіне қатысты шағымдары туралы айтты. Ол өңір әкімдеріне халықтың өтініштеріне жедел ден қоюды тапсырды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Үкімет отырысында Бектенов бүгінде жылыту маусымы еліміздің барлық өңірінде басталғанын мәлімдеді. Жазда жабдықтарды, жылу және электр желілерін жөндеу бойынша кешенді іс-шаралар жүргізілді. Халыққа жылу кестеге сәйкес берілді.
Дегенмен, бұған қарамастан тұрғындардан шағым әлі де түсіп жатыр.

"Сонымен қатар халықтан жылу сапасына немесе оның өшірілуіне қатысты шағымдар бар. Атап айтқанда, Ақтау, Павлодар және Петропавл тұрғындарынан өтініштер түсті", - деп атап өтті Бектенов.

Премьер-министр әкімдерге жылыту маусымын өткізу жөніндегі өңірлік штабтардың жұмысын жандандыруды, азаматтардың өтініштеріне жедел ден қоюды, сондай-ақ қысқы жағдайда жұмыс істеу үшін апаттық бригадалар мен арнайы техниканы жұмылдыруды тапсырды.
Бұдан бөлек, әкімдіктер халық үшін көмірдің болуын және оның бағасының тұрақтылығын тұрақты бақылауда ұстауы тиіс.
Энергетика министрлігіне өңір әкімдіктерімен бірлесіп, энергия көздеріндегі жөндеу жұмыстарын кестеге сәйкес аяқтау және жабдықтардың қажетті резервін қалыптастыру тапсырылды.

"Жылыту кезеңінде халықты тұрақты және сапалы жылумен қамтамасыз етуді тапсырамын. Әлеуметтік нысандарға ерекше назар аудару керек", - деп қадап айтты премьер-министр.

Бұл жұмыстың жалпы үйлестірілуін Бектенов премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевқа жүктеді.
Еске сала кетейік, бұған дейін Олжас Бектенов қысқа дайындықтың бұзылғаны үшін жаза қолданатынын ескерткен болатын.