ru24.pro
World News
Ноябрь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

Қазақстанда газ баллондарына бақылау күшейтіледі

0

Төтенше жағдайлар министрі Мұрат Мұханов жеке үйлерде, дәмханаларда және басқа да қоғамдық тамақтану орындарында газ баллондарының қолданылуына бақылауды күшейтуге шақырды. Бұл туралы ол Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Министрдің айтуынша, баллондарды дұрыс пайдаланбау, сақтамау және толтырмау өрт пен жарылысқа әкеп соғуы мүмкін.

"Аталған тәуекелдерді азайту мақсатында әкімдіктер жанындағы газ-техникалық инспекциялар тарапынан бақылауды күшейту қажет", - деді Мұханов.

Қазір Энергетика министрлігі баллондарды таңбалау және есепке алу жүйесін пысықтап жатыр. Оның көмегімен баллондардың қай жерде сатылатыны мен қолданылатынын және олардың жай-күйін қадағалау көзделген.
Мұханов ескі баллондарды ауыстыру мәселесін де көтерді.

"Тозығы жеткен газ баллондарын пайдаланудан кезең-кезеңімен шығару және оларды жаңасына ауыстыру тетігін құру мәселесі шешімді талап етеді", - деп атап өтті министр.

Ауыстыру жұмыстарының қашан басталатынын және оның қалай жүзеге асатынын министр нақтыламады.
Мұхановтың айтуынша, Көкшетаудағы зауыт 500 болат баллон шығарып қойған. Өнеркәсіп министрлігі Атырау мен Алматыда композиттік материалдардан жасалған баллондар өндірісін іске қосуды да қарастырып жатыр.
Бұған дейін Семейде тоғыз қабатты үйдің бірінші қабатындағы балконнан жиһаз бен макулатура өртенген. Ыстықтан балконда тұрған баллондағы газ тұтанған. Өрт сөндірілді, ешкім зардап шеккен жоқ.