ru24.pro
World News
Сентябрь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

“Бұл – алаңдатарлық ахуал“: Тоқаев қақтығыстардың көбеюі және әлемдік экономикаға төнген қауіптер туралы

0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нью-Делиде өтіп жатқан БРИКС-тің пленарлық отырысында сөз сөйледі, деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, жаһан жұртының жартысына жуығын құрайтын және әлемдік ішкі жалпы өнімнің 40 пайызын беретін БРИКС - айтарлықтай мүмкіндікке ие. Сонымен бірге аталған құрылым алауыздықты азайтып, нақты нәтижеге қол жеткізуге де жауапты.

"Дегенмен халықаралық қоғамдастық алдында тұрған іргелі мәселелердің шешімін тауып, жетекші державалар арасындағы сенім деңгейін қалпына келтірмейінше, БРИКС әлеуетін толық іске асыру мүмкін емес. Бұл үрдіс 2026 жылы жарияланған Жаһандық бейбітшілік индексінде айқын көрініс тапты. Геосаяси қақтығыстар ушығып, милитаризация күшейген, көпжақты институттар әлсіреп, сауда кедергілері көбейген кезеңді сипаттайтын "Жаппай жікке бөліну" деген ұғым пайда болды", - деді Президент.

Президенттің мәліметінше, былтыр қақтығыстардың салдарынан жаһандық экономика шамамен 22 триллион доллар зиян шекті.

"Яғни әлемдік ішкі жалпы өнімнің 10 пайызына парапар. Бұл - алаңдатарлық ахуал. Біз аймақтық кикілжіңдердің қақтығысушы тараптармен шектелмей, халықаралық экономикаға зардабын тигізе бастағанына куә болып отырмыз. Маңызды теңіз жолдарының үзілуі жаһандық энергетика, азық-түлік және сауда тізбегіндегі осал тұстарды анық көрсетті", - деп атап өтті Мемлекет басшысы.