ru24.pro
World News
Сентябрь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

Қазақстанда 12 жылдық оқудан бас тарту мәселесі қарастырылып жатыр: комиссия құрылды

0

Қазақстанда 12 жылдық білім беру бағдарламасын 11 жылға сыйдыру мүмкіндігі зерттеледі. Ол үшін Оқу-ағарту министрлігінде арнайы комиссия құрылды, деп хабарлайды Tengri Education.
Бұл туралы Үкіметте өткен брифингте оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова айтты. Бұл мәселе 12 жылдық оқу жүйесі енгізілген Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі (НЗМ) оқыту жүйесін талқылау кезінде көтерілген.
Министрдің айтуынша, қазір ведомство білім беру бағдарламаларын және өзара сәйкестігін талдап жатыр.

"Қазір біз бүкіл бағдарламаны 11 жыл ішінде аяқтауға болатын-болмайтынын қарастырамыз. Өздеріңіз білесіздер, Назарбаев зияткерлік мектептері - толық күн оқитын мектептер. Балалар таңғы 8-де келіп, кешкі 5-те кетеді. Оларда аптасына сегіз жеке сағат бар", - деді Сүлейменова.

Министрлік басшысы теориялық тұрғыдан 12 жылдық бағдарламаның мазмұнын біріктіріп, 11 сынып аясында жүзеге асыруға болатынын айтты.

"Сондықтан 12 жылдық білім берудің бүкіл мазмұнын жинақтап, оны 11 сыныпта іске асыру мүмкіндігін қарауға болады. Осы мақсатта біз комиссия құрдық. Бұл жұмыс жалғасып жатыр", - деп толықтырды ол.

Сондай-ақ шенеунік кейбір ата-аналар оқу ұзақтығына байланысты балаларын 10-сыныптан кейін НЗМ-нен алып кететінін айтты.

"Балаларын 10-сыныптан кейін НЗМ-нен алып кететін ата-аналар бар. Неге? Себебі олар балаларының тағы екі жыл, оның ішінде 11-сыныптан кейін қосымша бір жыл оқығанын қаламайды", - деп түсіндірді министр.

Бұл ретте оқушыларды ауыстыру кезінде қиындық туындайды: жалпы білім беретін мектептерде негізгі орта білім 9-сыныптан кейін, ал НЗМ-де 10-сыныптан кейін аяқталады.
Жұлдыз Сүлейменованың сөзінше, әзірге түпкілікті шешім қабылданған жоқ. Комиссия бағдарламаларды зерделеп, қазіргі үлгінің тиімділігін анықтауы тиіс.
Жаңа оқу жылында Қазақстанда мектеп бағдарламасының мазмұны өзгертіле бастады. 1 қыркүйектен бастап жаңа міндетті курстар енгізілді, ал жасанды интеллект цифрлық сауаттылық пен информатика бағдарламаларына қосылды.
Тағы оқыңыз: “Бұлай жалғаса бермейді“ - оқу-ағарту министрі ата-аналар чаттары туралы