ru24.pro
World News
Сентябрь
2026
1 2 3 4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

Астанада сағатына 200 шақырымға жуық жылдамдықпен жүрген Porsche жүргізушісі ұсталды

0
Елордада жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғаны Porsche автокөлігінің 32 жастағы жүргізушісі ұсталды, деп хабарлайды Tengri Auto.
Полиция мен Бас прокуратураның мәліметінше, құқықбұзушы түнгі уақытта Тұран даңғылында сағатына 197 шақырым жылдамдықпен жүйткіген.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Астана қаласының Полиция департаменті (@police__astana) жариялаған жазба


Тексеріс барысында бұл жүргізуші жол қозғалысы ережесін жүйелі түрде бұзғаны анықталды. 2026 жылдың басынан бері ол жасаған 30-дан астам құқықбұзушылық тіркелген, оның ішінде белгіленген жылдамдықты асырудың 14 дерегі бар.

"Бірнеше рет жауапкершілікке тартылғанына қарамастан, жүргізуші заң талаптарын елемеуін жалғастырып, белгіленген ережелер мен айналасындағылардың қауіпсіздігіне ашық түрде немқұрайлы қараған", - деп атап өтті полиция өкілдері.

Жүргізуші ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот 10 тәулікке қамауға алу туралы шешім шығарды.
Астана полициясы жүргізушілерге жолдың жарыс пен қауіпті маневр жасау орны емес екенін еске салды. Қала ішінде жылдамдықты асыру ауыр салдарға әкеп соғып, жол қозғалысының басқа қатысушыларының өміріне қауіп төндіруі мүмкін.
Тәртіп сақшылары жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін сақтауға және ережені өрескел, әрі жүйелі түрде бұзу айналадағы адамдарға төнетін нақты қауіп екенін түсінуге шақырды.
Тағы оқыңыз: Алматыда куәлігі жоқ және көлік терезесі күңгірттелген жүргізуші қамауға алынды
200 км/сағ жылдамдықпен және нөмірсіз: алматылық заңбұзушы әлеуметтік желілер арқылы табылды