Бір сағат бойы Уэльсті әбігерге салды: агент Қазақстан құрамасының жұлдызына қызығушылық барын растады
"Ахмат" клубы мен Қазақстан құрамасының вингері Ғалымжан Кенжебекке Ресейдің бірнеше командасы қызығушылық танытып отыр, деп хабарлайды Tengri Sport Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Агент Мамука Ломидзенің айтуынша, 23 жастағы жартылай қорғаушыға Қазақстанда да, шетелде де сұраныс жоғары, бірақ ол таяу арада "Ахматтан" кетпейді.
"Бүгінде "Ахмат" басшылығы Ғалымжанның кетуін мүлдем қарастырып отырған жоқ, бұл мәселе көтерілген де емес. Иә, Қазақстанда командалардың көбі Кенжебекті өз қатарынан көргісі келеді, РПЛ тарапынан да қызығушылық бар, бірақ қайталап айтамын, "Ахмат" ойыншыға сенеді және оны ешбір жағдайда жібергісі келмейді", - деп келтіреді басылым агенттің сөзін.
Ғалымжан Кенжебек: құрама жұлдызының мансабында не болып жатыр?
Еске сала кетейік, Ғалымжан Ресей чемпионатындағы "Ахматқа" 2026 жылдың қаңтарында "Елім-ай" клубынан ұлттық құрама көшбасшыларының бірі ретінде ауысқан болатын.2024 жылы БАҚ-та испаниялық жанкүйерлер U-21 Еуро іріктеуіндегі ұлттық құрамалар матчінен кейін қазақстандық ойыншыға таңғалғаны туралы жазылған еді.Ғалымжан сол кезде екі әдемі гол соғып, жанкүйерлер оның орны мадридтік "Реалда" екенін айтқан болатын.
Сол жылы Кенжебек Қазақстанның негізгі құрамасында дебют жасап, жаңа маусымда ұлттық командаға тұрақты шақырыла бастады. 14 матчте ол үш гол соғып, бір нәтижелі пас беріп үлгерді.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Қазақстан ұлттық футбол құрамасының жарияланымы (@kff_team)
Ғалымжанның Астанада Уэльс құрамасына қарсы өткізген матчі айтулы оқиға болды. Қазақстандық вингер валлийліктердің қорғанысын сан мәрте бұзып өтіп, санаулы сантиметрлер ғана қарсыластарды голдан құтқарып қалды.
Ойын 0:1 есебімен қонақтардың пайдасына аяқталды, бірақ БАҚ Кенжебек Британ аралдарынан келген команданы әбігерге салғаны туралы жарыса жазды.

Құраманың бұрынғы бапкері Станислав Черчесов жұмыс істейтін Грозныйға ауысқаннан кейін, Ғалымжан әзірге негізгі құрам ойыншысы ретінде орныға алмай жүр.
Ол алаңға 11 рет шығып (көбіне қосалқы құрамнан), әзірге тек бір гол соқты.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
FC «Akhmat» Grozny ⚽ (@akhmatgrozny) жарияланымы
Дастан Сатпаев “Бернли“ - “Мидлсбро“ матчінің үздік ойыншысы атанды“Үздік сұрмерген атанады“: ағылшын жанкүйерлері Сәтпаевқа тәнті болды