ru24.pro
World News
Сентябрь
2026
1 2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

Жүргізушісіз басқарылатын көлік жарнамасы сәтсіз аяқталды: ол полиция фургонына соғылып қалды

0

Пәкістанда қашықтан басқарылатын автокөлік көрсетілім кезінде полиция фургонына соғылды, деп хабарлайды Tengri Auto.
Пәкістандық БАҚ мәліметінше, оқиға Исламабадта болған. Журналист Мухаммад Алиджа қашықтан басқарылуы тиіс автокөліктің алдыңғы жолаушылар орындығында отырған.
Кадрлардан көрсетілім кезінде көлік кенет бақылаудан шығып, тұрақта тұрған полиция фургонына соғылғаны көрінеді.
Соқтығысқанға дейін ол қол тежегішін тартып, автокөлікті тоқтатуға тырысқан, бірақ одан нәтиже шықпаған.
Кейін Алиджа өзінің Facebook-аккаунтында бұл технология әлі де қауіпсіз емес екенін және одан әрі сынақтан өткізуді қажет ететінін мәлімдеді. Оның айтуынша, көлік спутниктік байланыс пен интернет арқылы басқарылған, алайда байланыс үзілгеннен кейін көлік басқарылмай қалған.
Журналист оқиға қозғалыс аз ауданда болғанын атап өтті. Оның пікірінше, мұндай ақау қозғалыс қарқынды жолда бұдан да ауыр зардапқа әкелуі мүмкін еді.

"Технологиядағы инновациялар танылуға лайық, бірақ адам өмірі есебінен емес", - деп жазды Алиджа.

Сондай-ақ ол жүйені сынауды жалғастырып, қауіпсіздік шараларын күшейтуді ұсынды.