ru24.pro
World News
Сентябрь
2026
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

Түнде үсік жүріп, күндіз найзағай ойнайды: Астана мен Алматыда ауа райы өзгереді

0

"Қазгидромет" Астана мен Алматыдағы алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды. 2, 3 және 4 қыркүйекте мегаполистерде ауа райы қандай болатыны Tengrinews.kz материалында.

Болжамға сәйкес, Астанада қыркүйек айының басы салқын түндер мен үсікпен, ал Алматыда жаңбыр, найзағай және екпінді желмен басталады.

Астанадағы ауа райы

2 қыркүйекте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соғатын жел бағытын оңтүстік-батысқа ауыстырады, түнде 7-12, күндіз 2-7 метр/секунд. Ауа температурасы түнде +1...+3 градус, топырақ бетінде 1 градус үсік жүреді, күндіз +15...+17 градус.

3 қыркүйекте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 5-10 метр/секунд. Ауа температурасы түнде +6...+8 градус, күндіз +20...+22 градус.

4 қыркүйекте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 5-10 метр/секунд. Ауа температурасы түнде +8...+10 градус, күндіз +23...+25 градус.

Алматыдағы ауа райы

2 қыркүйекте көшпелі бұлт шығады, түнде және таңертең жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 3-8 метр/секунд. Ауа температурасы түнде +11...+13 градус, күндіз +20...+22 градус.

3 қыркүйекте көшпелі бұлт шығады, күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 3-8, күндіз кей уақытта екпіні 15-18 метр/секунд. Ауа температурасы түнде +10...+12 градус, күндіз +22...+24 градус.

4 қыркүйекте көшпелі бұлт шығады, күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 3-8, күндіз кей уақытта екпіні 15-18 метр/секунд. Ауа температурасы түнде +12...+14 градус, күндіз +22...+24 градус.

Қазақстанда күз үсікпен басталады

Бұған дейін синоптиктер күнтізбелік күздің алғашқы күндері Қазақстанда құбылмалы ауа райы болатынын хабарлаған еді. Елдің солтүстігінде түнде кей жерлерде үсік жүреді, ал күндіз температура біртіндеп көтеріледі. Сонымен қатар бірқатар өңірлерде жаңбыр, күн күркіреуі және жылбысқы қар жауады деп болжанады. Толығырақ осы жерден оқыңыз.