ru24.pro
World News
Август
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28
29
30
31

Құрылтай барлық 8 комитетті жасақтады: оларды кімдер басқарды?

0
Құрылтай депутаттары алдағы заң жобаларымен жұмыс істейтін барлық комитетті жасақтады. Олар қандай комитет және оларды кімдер басқарды - Tengrinews.kz тілшісі материалынан оқыңыздар.Құрылтай және оның депутаттарының мәртебесі туралы Конституциялық заңға сәйкес, онда сегізден аспайтын тұрақты комитет болуы мүмкін.
Бірінші шақырылымдағы Құрылтайдың қазіргі - алғашқы сессиясында сегіз комитет жұмыс істейді, атап айтқанда:


Аграрлық мәселелер, экология және табиғи ресурстар комитеті - Серік Егізбаев;


Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті - Үнзила Шапақ;


Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті - Марат Қожаев;


Өңірлік және инфрақұрылымдық даму комитеті - Әмірбек Оспанбеков:


Әлеуметтік-мәдени даму комитеті - Асхат Аймағамбетов;


Қаржы және бюджет комитеті - Ольга Перепечина;


Цифрландыру, инновациялар және ғылым комитеті - Дархан Ахмедиев;


Экономикалық саясат, өнеркәсіп және энергетика комитеті - Наталья Годунова.


Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Айбек Дәдебайдың кандидатурасын Құрылтай төрағасы лауазымына ұсынды. Депутаттар оның кандидатурасын қолдады.
Сондай-ақ бірінші шақырылымдағы Құрылтайдың төрағасы Айбек Дәдебай өзінің үш орынбасарының кандидатурасын ұсынды. Ашық дауыс беру барысында депутаттар ұсынылған кандидатураларды қолдады.
Жұма күні, 28 тамызда Президент бірінші шақырылымдағы Құрылтайдың алғашқы сессиясын ашты.Қазақстанда бір палаталы Парламент
Бір күн бұрын Орталық сайлау комиссиясы бір палаталы Құрылтайдың жаңа депутаттарын тіркеді. Оларға депутат куәліктері мен төсбелгілері табысталды.
Еске салайық, 1 шілдеден бастап Қазақстанда жаңа Конституция күшіне енді. Оны қабылдағаннан кейін Мәжіліс пен Сенат жұмысын тоқтатып, олардың депутаттарының өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды. Екі палаталы Парламенттің орнына бір палаталы Құрылтай құрылды. Жаңа Парламент құрамына бес жыл мерзімге сайланатын 145 депутат кіреді.23 тамызда Қазақстанда Құрылтайдың алғашқы сайлауы өтті. Бұл - 1991 жылдан бері елдегі оныншы парламенттік сайлау және конституциялық реформадан кейінгі алғашқы сайлау.25 тамыздағы жағдай бойынша, дауыс беру қорытынды нәтижелерін мына жерден көруге болады.
Сайлау қорытындысы бойынша Құрылтайға бес саяси партия өтті өтті. Олардың арасында мандаттар келесідей бөлінді:

"Әділет" партиясы – 110 мандат;
Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП) – 8 мандат;
"Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 10 мандат;"Ақ жол" Қазақстан демократиялық партиясы – 8 мандат;
Respublica партиясы – 9 мандат.

Тағы оқыңыз: Жаңа адамдар мен таныс есімдер: Құрылтайдың алғашқы құрамы қандай болды?