ru24.pro
World News
Август
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26
27
28
29
30
31

ЖСДП партиясынан кімдер депутат болды: тізім

0

Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП) жаңа Парламент - Құрылтай құрамына кіретін 8 депутатын анықтады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.Өткен сайлауда ЖСДП партиясы сайлаушылардың 5,11 пайыз дауысын жинады - оған 469 058 адам қолдау білдірді. Жаңа Парламентте партия 8 мандатқа ие болды.

Төралқа отырысының қорытындысы бойынша ЖСДП Құрылтай құрамына кіретін кандидаттар тізімін бекітті:

Асхат Рақымжанов - партия төрағасы, VIII шақырылымдағы Мәжіліс депутаты, Социалистік интернационал халықаралық ұйымының вице-президенті;Мақсұт Нәсібулов – ЖСДП орталық аппаратының басшысы;Нұрайнаш Камалова – ЖСДП Атырау облыстық филиалының төрайымы;Лариса Ли – PANA жобасының жетекшісі;
Аслан Құлмағамбетов - ЖСДП елордалық филиалының экологиялық саясат мәселелері жөніндегі талдаушысы;Арман Ақылбай – Әділет министрлігі Персоналмен жұмыс департаментінің директоры;Наурыз Сайлаубай – ЖСДП жастар қанатының жетекшісі, VIII шақырылымдағы Мәжіліс депутаты;Ажар Сағандықова – VIII шақырылымдағы Мәжіліс депутаты, ЖСДП әйелдер қанатының жетекшісі.

Еске сала кетейік, Құрылтайға өту үшін партиялар дауыс берушілер жалпы санының кемінде 5 пайызын жинауы тиіс болатын.23 тамызда Қазақстанда өткен сайлау қорытындысы бойынша Құрылтайға бес саяси партия өтті. Олардың арасында мандаттар келесідей бөлінді:

"Әділет" партиясы – 110 мандат;
Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП) – 8 мандат;"Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 10 мандат;"Ақ жол" Қазақстан демократиялық партиясы – 8 мандат;Respublica партиясы – 9 мандат.

Бұған дейін Құрылтай депутаттығына өз кандидаттарын "Ауыл" партиясы бекітті.