ru24.pro
World News
Август
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26
27
28
29
30
31

“Бұған жол беруге болмайды“ – Президент мұғалімдерді жөндеу жұмыстарына және қоғамдық іс-шараларға тарту туралы

0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев педагогтерді қағазбастылықтан, бітпейтін есептен босту керек екенін атап өтті, деп хабарлайды Tengri Edu.
Президент білім беру базасын жаңғырту қолға алынғанын еске салды. Яғни, бүкіл мемлекеттік сервис пен қызмет біріктіріліп, мұғалімдер уақыт алатын шаруадан арылады.

"Әсіресе, соңғысы өте маңызды. Педагогтерді ығыр қылатын қағазбастылықтан, бітпейтін есептен, аттестациядан өту талабынан және басқа да пайдасыз тексерістерден босату керек. Мұғалімдерді жөндеу жұмыстарына, оқу процесіне тікелей қатысы жоқ түрлі қоғамдық іс-шараларға тартқаны туралы жаңалықтар ара-тұра шығып жатады. Бұл жөнінде әлдеқашан келіскенбіз. Бұған жол беруге болмайды", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы Оқу-ағарту министрлігі мен әкімдік басқармалары, ең алдымен, құқықтық-нормативтік актілер мен саланы реттеу базасын жетілдірумен, оқу үдерісін тиімді ұйымдастырумен және білім беру бағдарламаларын мұқият саралаумен айналысуы тиіс екенін атап өтті.
Тағы оқыңыз: “Мемлекеттік маңызға ие аса өзекті міндет“ - Тоқаев жаңа мектептердің құрылысы туралы