ru24.pro
World News
Август
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25
26
27
28
29
30
31

Алматы ЖЭО-2-ні жыл аяғына дейін газға көшіру уәде етілді

0

Алматыда ЖЭО-2-ні газға көшіру мерзімі нақтыланды, оны 2026 жылдың аяғына дейін іске қосу жоспарланған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматыдағы ЖЭО-2 мен ЖЭО-3 қашан газға ауысады?
ӨКҚ брифингінде Алматы Энергетика және сумен жабдықтау басқармасының жылу және газбен жабдықтау бөлімінің бас маманы Темірлан Жансақов ЖЭО-2-дегі жұмыстар кестеге сай жүріп жатқанын хабарлады.
Оның айтуынша, негізгі жабдықтар алаңға жеткізілген, қазір мамандар оларды монтаждаумен айналысып жатыр.

"ЖЭО-2 бойынша жұмыстар кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр. Қазір барлық жабдық орнында, монтаждау жұмыстары жүріп жатыр. Жыл аяғына дейін газға көшірілген жаңа станцияны іске қосу жоспарланған", – деді Жансақов.

Бұған дейін ведомство жаңғырту жұмыстарының нақты аяқталу мерзімін атамаған болатын. 2025 жылдың аяғында ЖЭО-2-нің өзінде алғашқы турбинаны 2026 жылдың төртінші тоқсанында іске қосу жоспарланып отырғаны хабарланған еді.
Сондай-ақ біз бұған дейін 2026 жылдың желтоқсанында іске қосуға уәде берілген ЖЭО-3 туралы сұрадық. Басқарма өкілі енді бұл жобаға Алматы облысы жауапты екенін мәлімдеді.

"ЖЭО-3 Алматы облысында орналасқандықтан, бұл мәселе Алматы облысы әкімдігінің құзырында", – деп жауап берді Жансақов.

Айта кететін жайт, биылғы ақпанда Алматы Энергетика және сумен жабдықтау басқармасы Tengrinews.kz-ке ЖЭО-3-ті 2026 жылдың желтоқсанында пайдалануға беру жоспарланып отырғанын хабарлаған еді.
Алматыдағы ЖЭО-лар қашан газға көшіріледі?