ru24.pro
World News
Август
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

БҚО-дағы көпірлердің бірінде қозғалыс шектеледі

0

Батыс Қазақстан облысында Шаған өзені арқылы өтетін көпірде қозғалыс уақытша шектеледі, деп хабарлайды Tengri Auto."ҚазАвтоЖолдың" мәліметінше, шектеу 22 тамызда сағат 05:00-ден 12:00-ге дейін халықаралық маңызы бар КАЗ10 Ақтөбе – Орал – Ресей Федерациясының шекарасы ("Сырым" өткізу пункті) жолының 247-шақырымында енгізіледі.
Бұл учаскеде жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Шектеу көліктің барлық түріне қатысты болады.
Жүргізушілерден жүретін бағытын жоспарлау кезінде осы жағдайды ескеруді сұралады.
Тасжолдардағы қазіргі шектеулерҚазіргі уақытта жолдың бірнеше учаскесінде қозғалыс шектелген:

7 тамыздан бастап - Алматы - Тараз тасжолының учаскесінде (159-дан 238-шақырымға дейін). Жұмыстың болжамды мерзімі - бір ай;30 шілде мен 25 тамыз аралығында - Алматы - Төңкеріс - Байсерке - Междуреченск тасжолында;24 шілде мен 30 қараша аралығында - Медеу - Тұйықсу тасжолында;5 пен 25 тамыз аралығында - Астанадағы Алаш тасжолының бір бөлігінде.

Бұған дейін Алматы облысында жаңбыр салдарынан апатты жағдайдағы көпірді су шайып кеткені хабарланған болатын.