ru24.pro
World News
Август
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Экс-депутат Базарбек жол-көлік оқиғасынан кейін алғаш рет пікір білдірді

0
Мәжілістің бұрынғы депутаты Бақытжан Базарбек өзінің қатысуымен болған, ер адам зардап шеккен жол апатына қатысты алғаш рет пікір білдірді. Бұл туралы ол Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Базарбектің айтуынша, сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында ол және жұбайы жария етпеу туралы қолхатқа қол қойған, сондықтан көп нәрсені жазуға мүмкіндігі жоқ.


"Тергеу амалдары жалғасып жатыр. Қазір қажетті сараптамалардың жүргізілуі күтілуде. Тергеп-тексеру органдары заң талаптарына сәйкес болған оқиғаның барлық мән-жайына объективті әрі әділ баға береді деп сенемін", - делінген жазбада.

Сондай-ақ экс-депутат ол үшін қазір ең бастысы - зардап шеккен азаматтың жақындары мен туыстарының қасында болып, оларға қажетті көмек көрсету екенін айтты.

"Біз бірнеше күн бойы іс жүзінде ұйықтамай, оның туған-туыстарымен бірге оның сауығып кетуін тілеп, дұға жасап отырмыз. Көрсетілген шұғыл медициналық көмек үшін аудандық аурухананың барлық дәрігеріне, сондай-ақ Денсаулық сақтау министрлігі мен облыстық денсаулық сақтау басқармасына ерекше алғысымды білдіремін", - деп жазды ол.

Әлеуметтік желілердегі нұсқалар мен алып-қашпа әңгімелерге қатысты Базарбек асығыс қорытынды жасамауға және тек ресми ақпарат пен тергеу нәтижелеріне сенуге шақырды. Сонымен қатар, экс-депутат "осы қиын күндерде алаңдап, қолдау көрсетіп жатқан баршаға" алғыс айтты.
Экс-депутаттың қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы
16 тамызда Telegram-арналардың бірінде Жамбыл облысы Рысқұлов ауданында жол-көлік оқиғасы болғаны туралы жазба жарияланды. Ұсынылған ақпаратқа сәйкес, Батыс Еуропа - Батыс Қытай тасжолында 36 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Көлік тізгінінде Мәжілістің экс-депутаты Бақытжан Базарбек болғаны айтылды.
Кейін Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасы зардап шеккен азаматтың жағдайы өте ауыр екенін хабарлады.