Басына капрон шұлық қиген: Астанада стоматологиядағы ұрлықтың беті ашылды
Басына шұлық киіп, түрін жасырмақ болған күдікті ұсталып қалды. Астанада стоматологиялық клиникадағы ұрлықтың беті ашылды, шығын көлемі шамамен екі миллион теңге болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Елордалық Полиция департаменті мәліметінше, қаскөй клиника жабық тұрған кезде ішке кірген. Ол кіреберіс есіктің кілтін таңдап ашып, ұрлық жасамас бұрын басына қара шұлық киіп алған.
Клиникадағы ноутбуктер, гаджеттер және сейф қолды болды. Жалпы шығын көлемі шамамен екі миллион теңге болады.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Tengri Astana (@tengri.astana) жарияланымы
Жасырынбақ болғанымен, күдікті маскасын кигенге дейін бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Жазбаларды зерттей келе, полицейлер күдікті кім екенін анықтады. Ол Астана қаласының 34 жастағы тұрғыны болып шықты.
Ұрлық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Полиция мекеме иелеріне мүлік қауіпсіздігіне баса назар аудару қажет екенін ескертті: сенімді құлыптар, күзет дабылы мен бейнебақылау жүйелерін орнату, сондай-ақ материалдық құндылықтарды қауіпсіз жерде сақтау ұсынылады.