ru24.pro
World News
Август
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

“Қайрат” - “Левски” матчі: Түркістан полициясы жанкүйерлерге үндеу жасады

0
Түркістан полиция департаменті алматылық "Қайрат" пен Софияның (Болгария) "Левски" командалары арасында өтетін Чемпиондар лигасының матчі қарсаңында қазақстандық жанкүйерлерге үндеу жасады, деп хабарлайды Tengri Sport.
Бүгін, 11 тамызда "Түркістан Арена" стадионында Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңі аясында қазақстандық "Қайрат" пен болгариялық "Левски" арасында футбол матчі өтеді.

Осыған байланысты құқық қорғау органдары адам көп жиналатын орындарда қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті бақылауды күшейтеді.
Полиция қызметкерлері қала тұрғындары мен қонақтарынан қоғамдық тәртіпті сақтауды, өзгелердің қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауды және полицейлердің заңды талаптарын орындауды сұрайды.

"Футбол матчін тамашалауға келген жанкүйерлерден өзара сыйластық танытып, арандатушылық әрекеттерге жол бермеуді, қоғамдық орындарда тәртіп сақтауды және белгіленген қауіпсіздік талаптарын қатаң орындауды сұраймыз", - деді қалалық ПД.













Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

????????Түркістан облысының Полиция департаменті жариялаған жазба (@turkistan_polisia)


"Қайраттың" Чемпиондар лигасы үшін қарымта матчі
Еске сала кетейік, алғашқы матчтен кейін "Қайрат" "Левскиден" 0:1 есебімен жеңіліп тұр. Ойын Софияда өткен болатын, енді қазақстандық ұжымның өз алаңында есе қайтаруға мүмкіндігі бар.
Алайда, алматылықтар ойынды 23 мың көрермен сыятын өз стадионында емес, Түркістандағы 7 мың орындық аренада өткізеді.
Матч Алматыдағы "Орталық" стадионда 14 тамызда өтетін Канье Уэсттің концертіне дайындық басталып кетуіне байланысты ауыстырылды."Қайрат" - "Левски" матчі 11 тамызда Қазақстан уақытымен сағат 20:00-де басталады.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

"Қайрат" ФК | FC Kairat Almaty (@f.c.kairat) жарияланымы


Қарсылас төрт есе қымбат және қатарынан үш матчте гол жібермегенАйта кетейік, болгариялық "Левски" - "Қайраттың" биылғы Чемпиондар лигасы маусымындағы ең мәртебелі қарсыласы.
Болгар клубы құрамында Бразилия, Португалия және Венесуэладан келген мықты ойыншылар, сондай-ақ жергілікті футболшылар бар.
Transfermarkt порталы "Левски" құрамын 37,8 миллион еуроға, ал "Қайратты" 9,2 миллион еуроға бағалап отыр.
Сонымен қатар болгарлардың қазіргі бабы да өте жақсы. 1 тамыздан бері команда үш кездесу өткізіп, бірде-бір гол жіберген жоқ, ал өздері алты гол соқты.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

PFC LEVSKI / ПФК ЛЕВСКИ (@pfclevskiofficial) жарияланымы


"Қайрат" - "Левски": қайдан көруге болады?
Матч трансляциясы сағат 20:00-де басталады. Кездесуді Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді, алайда арна сайтында трансляция болмайды.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

"Қайрат" ФК | FC Kairat Almaty (@f.c.kairat) жарияланымы


“Жыртылған алаң“: Канье Уэсттің кесірінен “Қайрат“ Түркістанда қандай қиындыққа тап болады?
УЕФА Темірлан Анарбековтің Чемпиондар лигасындағы сейвін бағалады