ru24.pro
World News
Август
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Ресейдегі ең ірі Wildberries қоймаларының бірі өртенді

0

Воронеж облысында Wildberries компаниясының екі қойма кешенінде өрт шықты. Оның бірі 16 мың шаршы метр аумақта оқшауланды, екіншісінде сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр - мұнда жалын шамамен 20 мың шаршы метрді шарпыған. Wildberries өңірдегі логистикалық нысандарынан адамдар эвакуацияланғанын хабарлады, деп хабарлайды Tengri Life.
Өрт туралы не белгілі?
Өрт туралы Воронеж облысының басшысы Александр Гусев мәлімдеді. Оның айтуынша, оқиға Новоусман ауданында болған.

"Дәл осы ауданда ұшқышсыз ұшу аппаратының құлауы салдарынан ірі компанияның екі қоймасында өрт шықты. Бір нысандағы өрт 16 мың шаршы метр аумақта оқшауланды, екіншісінде 20 мың шаршы метр жерде сөндіру жұмыстары жүріп жатыр. Оқиға орнында жедел қызметтер жұмыс істеп жатыр", - деді жазды Гусев.

Кейінірек желіде өрт болған жерден түсірілген фото және видеолар жарияланды.

OSINT-сарапшыларының мәліметінше, нысандардың бірі Новоусман ауданындағы Александровка ауылында орналасқан және ол Wildberries компаниясына тиесілі.

RWB баспасөз қызметі өңірдегі компанияның логистикалық нысандарынан адамдардың эвакуацияланғанын растады.

"Воронеж облысындағы компанияның логистикалық нысандары қауіпсіздік талаптарына сәйкес эвакуацияланды", - деп хабарлады Wildberries өкілдері.

Компания қызметкерлер арасында зардап шеккендер туралы ақпарат берген жоқ.
Зардап шеккендер туралы не белгілі?
Гусевтің айтуынша, Новоусман ауданындағы оқиға салдарынан 49 жастағы ер адам қаза тапқан. Ол сыртта болған және кейінірек ауруханада көз жұмған.
Тағы екі адам жараланып, ауруханаға жеткізілді. Олардың бірі де сыртта болса, екіншісі ірі логистикалық орталықтың аумағында болған.
Өңір басшысы үш жүк көлігі мен бір жеңіл автокөліктің зақымдалғанын хабарлады.

Александровкада қандай қойма орналасқан?
Александровкадағы Wildberries логистикалық кешені компанияның ең ірі нысандарының қатарына жатады. Оның ауданы шамамен 152,9 мың шаршы метрді құрайды.
Воронеж облысының Инвестиция тарту агенттігінің мәліметінше, нысанда 90 миллионнан астам тауар позициясы сақталуы мүмкін. Кешен толықтай 2025 жылдың қарашасында ашылған болатын. Бұған дейін жарияланған ақпаратқа сәйкес, оның құрылысына шамамен 11 миллиард рубль инвестицияланған.
Өрт салдарынан тауарлардың қаншалықты зақымдалғаны әзірге белгісіз.
Мән-жайы
Айта кетейік, Wildberries логистикалық нысандарындағы өрт сериясы бірнеше аптадан бері жалғасып келеді.
Бұған дейін компанияның Мәскеу облысының Электросталь қаласындағы және Тамбов облысының Котовск қаласындағы қоймаларында өрт болған. Ресми мәліметтер бойынша, сол кезде сегіз адам қаза тауып, 50-ге жуығы жараланған.
Кейін Краснодар мен Ставрополь өлкесіндегі Невинномысск қалаларындағы логистикалық нысандарда, содан кейін Ленинград облысында, Тверьде, Симферопольде, Рязань, Пенза, Волгоград, Владимир облыстарында, сондай-ақ БАҚ мәліметтері бойынша, Зеленодольск (Татарстан), Пермь өлкесі мен Удмуртияда өрт тіркелді.
Оқиғалардан кейін Wildberries логистикалық тізбектерді өзгерткенін, тауарларды қоймалар арасында қайта бөлгенін және тапсырыстарды штаттық режимде орындауды жалғастырып жатқанын хабарлады. Сондай-ақ компания бұған дейін Қазақстанда жаңа логистикалық нысандар салу туралы жоспарын айтқан болатын, алайда Қазақстанның Сауда және интеграция министрлігі ел аумағында қосымша қоймаларды орналастыру бойынша ресми өтініш әзірге түспегенін хабарлады.
Сонымен қатар 7 тамызда Wildberries қоймасында тағы өрт шыққаны хабарланды. Өрт Свердлоб облысындағы қоймада шыққан.
Тағы оқыңыз: Wildberries бірнеше өрттен кейін Қазақстаннан бос қоймалар іздестіріп жатыр