Нұрсұлтанов WBC титулы үшін айқаста Әлімханұлының тағдырын қайталамайды
Қазақстандық жеңілмеген боксшы Мейірім Нұрсұлтанов WBC уақытша чемпионы атағы үшін өтетін жекпе-жегі алдында жағымды жаңалық естіді, деп хабарлайды Tengri Sport.
Бұған дейін қазақстандық Мейірім Нұрсұлтановтың WBC уақытша чемпионы атағы үшін америкалық кіші Хесус Рамоспен жұдырықтасатыны, ал осы текетірестің жеңімпазы негізгі белбеу иегері Карлос Адамеспен кездесетіні белгілі болған еді. Инсайдер Бен Джейкобстың әлеуметтік желіде хабарлауынша, WBC-дің тұрақты чемпионы Карлос Адамеске титулды қорғау алдында аралық жекпе-жектер өткізуге тыйым салынды.
Бұл дегеніміз, қазақстандық боксшы уақытша титул үшін шайқаста жеңіске жетсе, келесі кездесуінде бірден Адамеспен бетпе-бет келеді.
News: WBC шешім шығарып, боксшылардың командаларына хабарлама жіберді: 160 фунттағы WBC чемпионы Карлос Адамес 19 қыркүйекте жұдырықтасатын уақытша чемпион кіші Хесус Рамос пен Мейірім Нұрсұлтанов жұбының жеңімпазымен кездесуі тиіс. Адамеске оған дейін ешқандай жекпе-жек өткізуге рұқсат жоқ. #boxing
— Dan Rafael (@DanRafael1) August 10, 2026
Еске сала кетейік, қазақстандық Мейірім Нұрсұлтанов пен америкалық кіші Хесус Рамос арасындағы WBC уақытша чемпионы атағы үшін жекпе-жек 19 қыркүйекте Сан-Диего (Калифорния штаты, АҚШ) қаласындағы Pechanga Arena-да өтеді.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Meiirim Nursultanov MN (@meiirim.nursultanov) жариялаған пост
Нұрсұлтановтың қарсыласы Әлімханұлынан "қашып кеткен" болатын
Еске сала кетейік, бұған дейін бокс ұйымдары Карлос Адамес пен қазақстандық әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы арасында біріктіруші жекпе-жек ұйымдастыруға тырысқан болатын.
Команданың айтуынша, доминикандық боксшы қазақстандық үшін жақсы қарсылас болған.
Me agrega @BroncoAdames que “aún no hay fecha ni sede, pero esta pelea se va a hacer; será la próxima.” https://t.co/udqIaiz7Hm
— Fernando Sabatini (@FerSabatiniBox) 21 қыркүйек, 2025
2025 жылы шілдеде Әлімханұлы Карлос Адамеспен орта салмақтағы WBO, IBF (қазақстандықтың белбеулері) және WBC (доминикандықтың белбеуі) нұсқалары бойынша әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жекке келісімшартқа отырғанын мәлімдеді.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Carlos Adames (@caballobronco) жарияланымдары
Алайда Әлімханұлының айтуынша, Адамес жекпе-жектен қашқақтап, келісімшартқа қол қоймаған. Қазақстандық қарсыласын қорқақтығы үшін айыптады. Осыдан кейін боксшылар әлеуметтік желіде сөз таласып қалды.
I guess my only mistake was hitting him a bit too hard in sparring. Now he treats me like a horror movie - runs when he sees me and jumps when he hears my name! pic.twitter.com/S6yxmmNUKm
— Janibek Alimkhanuly (@qazaqstyle) 17 шілде, 2025
Нұрсұлтанов 3 жылға жуық уақыт бойы жұдырықтаспаған
Қазақстандық үшін бұл үш жылдық үзілістен кейінгі шаршы алаңға оралуы болмақ - ол соңғы рет 2023 жылдың қарашасында жекпе-жек өткізген. Ол кезде төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен чилилік Хулио Аламосты жеңген болатын.
Жекпе-жек негізінен алыс және орта қашықтықтағы тактикалық айқаспен өтті. Екі боксшы да көбіне сырттай жұмыс істеді. Аламос андердог мәртебесіне қарамастан лайықты өнер көрсетіп, 9-раундта тіпті фавориттің бетін аздап қайтарды.
Алайда жекпе-жектің екінші жартысында ол екі раундтан артық жеңе алмады. Нұрсұлтанов жоғары қарқын мен дәлдіктің арқасында кездесуді бақылауда ұстады.
Жекпе-жек толық дистанцияға созылды. Нұрсұлтанов төрешілердің бірізді шешімімен жеңіске жетті. Бұл оның қатарынан 20-шы жеңісі болды.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
ADAL PROMOTIONS (@adal_promotions) жарияланымы
Нұрсұлтанов Әлімханұлынан "қашқан" чемпионмен жұдырықтасуы мүмкін