ru24.pro
World News
Август
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Криштиану Роналдудың мыңдаған жанкүйері біреудің үйлену тойына кіріп кетті

0
Португалиялық футбол жұлдызы Криштиану Роналдудың жанкүйерлері біреудің үйлену тойына баса-көктеп кірді. "Іс-шараға" 2 мыңға жуық адам жиналған, деп хабарлайды Tengri Sport.
Португалияның Мадейра аралында қызықты оқиға болды. Криштиану Роналдудың екі мыңнан астам жанкүйері футбол жұлдызы мен Джорджина Родригестің құпия неке қию рәсімі осында өтіп жатыр деген сеніммен кафедралды собор маңына жиналды.

???? СЕНГІСІЗ: Криштиану Роналду Мадейрадағы үйлену тойында өзі болмаса да, нағыз хаос тудырды... ????????????Криштиану мен Джорджина Родригес құпия түрде үйленіп жатыр дегенге сенген 2000-нан астам жанкүйер Фуншал соборының сыртындағы көшелерді толтырды... pic.twitter.com/4nZVDAWwa4— Football Tweet ⚽ (@Footballtweet) August 9, 2026
Соборға қалыңдық отырған сұр түсті Rolls-Royce келгенде, жұрт көліктің ішінде Джорджина отыр деп ойлап, оны қоршап алды. Алайда көліктен мүлдем басқа әйел - Фатима Николь Кунья Тейшейра шықты.
Ол Фабио Рамосқа тұрмысқа шығып жатқан еді. Ерлі-зайыпты Мадейра тумасы болғанымен, Францияда тұрады және үйлену тойын туған жерінде өткізуді жөн көрген. БАҚ мәліметінше, рәсімге 2 мыңға жуық адам жиналған.

Еуропалық БАҚ Криштиану Роналдудың 8 тамызда Мадейрада өтетін үйлену тойы туралы шулатты, бірақ іс жүзінде бұл жергілікті жұп Фабио Рамос пен Фатима Николь Кунья Тейшейраның неке қию рәсімі болатын. Қалыңдық ретро Rolls-Royce көлігімен келгенде 2000-нан астам көрермен жиналып, қалың жұрт... pic.twitter.com/4eSBPL8— Shanghai Daily (@shanghaidaily) August 9, 2026
Джорджина мен Криштианудың үйлену тойы
Еске сала кетейік, БАҚ-тағы ақпаратқа сүйенсек, Джорджина Родригес пен Криштиану Роналду 10 жыл бірге тұрғаннан кейін 8 тамызда қарым-қатынастарын заңдастырмақ болған. Алайда бұған ешқандай ресми растау болған жоқ.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Georgina Rodríguez (@georginagio) жариялаған жазба


Жұп 2016 жылы кездесе бастағандарын ресми түрде жариялады, ал 2025 жылы модель футболшымен сөз байласқаны туралы айтқан болатын.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Georgina Rodríguez (@georginagio) жариялаған жазба


Бірге өмір сүрген уақыт ішінде Криштиану мен Джорджинаның екі баласы дүниеге келді, жалпы бес бала тәрбиелеп отыр - үшеуі суррогат анадан туған.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Georgina Rodríguez (@georginagio) жариялаған жазба


Бұл ретте Джорджина Роналдудың серігі мен ана ғана емес, табысты модель. Оның Instagram парақшасына 77 миллион адам жазылған.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Georgina Rodríguez (@georginagio) жариялаған жазба


“Менің ойыншықтарым“: Криштиану Роналду қымбат көліктерін көрсетті