ru24.pro
World News
Август
2026
1 2 3 4 5 6 7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Ким Чен Ынның қарындасы Жапонияға қатысты қатаң мәлімдеме жасады

0

Солтүстік Корея көшбасшысы Ким Чен Ынның қарындасы сәрсенбі күні Токионың Тынық мұхитындағы әскери қатысуын арттыруы аясында Жапонияны "әскери мемлекетке айналып бара жатыр" деп айыптады, деп хабарлайды Tengrinews.kz Euronews басылымына сілтеме жасап.
Солтүстік Кореяның мемлекеттік БАҚ-тары таратқан мәлімдемеде Ким Ё Чжон Пхеньян басшылығы "Жапонияның трансформациясынан туындаған қажеттілікке байланысты қосымша әскери шаралар әзірлейтінін" айтты.

"Жапония - соғыс қылмыскері болған мемлекет, ол әскери мемлекетке айналу процесін жеделдетіп жатыр", - делінген Кореяның орталық жеделхат агенттігі жариялаған мәлімдемеде.

Ол Вашингтонның аймақтағы "қауіпті әскери қадамдарды" қолдайтынына дәлел ретінде Токионың жақында Tomahawk алыс қашықтыққа ұшатын қанатты зымырандарын сынақтан өткізуін және мамыр айында Жапония күштерінің Филиппинде АҚШ-тың бастауымен өткен жаттығуларға қатысуын мысалға келтірді.
Оның айтуынша, Токио "алдын ала соққы жасау мүмкіндігіне ие болуды заңдастыруға" ұмтылып жатыр.

"Біз Жапонияның елеулі қауіп төндіруі мүмкін әскери эволюциясын ешқашан сырттай бақылап отырмаймыз", - деді КХДР көшбасшысының қарындасы.

Сәрсенбіде Жапония Қорғаныс министрлігі Tomahawk зымырандарының жақында өткен сынақтары ел үшін алғашқы рет болғанын растады.
Сейсенбіде Жапонияның Қорғаныс министрі қарулы күштерді "шұғыл әрі дағдарыстық жағдай сезімімен" нығайту қажеттігін мәлімдеді, өйткені үкіметтің жаңа есебінде Қытай, Ресей және Солтүстік Корея тарапынан төнетін қауіптердің артып келе жатқаны туралы ескерту жасалған.
Солтүстік Кореяның негізгі одақтасы Қытай да жақында Жапонияның "жаңа милитаризмі" деп санайтын әрекеттеріне қатысты алаңдаушылық білдірді.
Пхеньян 2019 жылы көшбасшы Ким Чен Ын мен АҚШ президенті Дональд Трамптың саммиті сәтсіз аяқталғаннан кейін (тараптар денуклеаризация көлемі мен санкцияларды жеңілдету мәселесінде келісімге келе алмаған еді) өзін бірнеше рет "қайтарымсыз" ядролық мемлекет деп жариялады.