Айыпталушыны құтқармақ болған: Алатауда жәбірленуші мен куәгердің үстінен іс қозғалды
Алатау қаласында сотталушыға жауапкершіліктен жалтаруға көмектесу үшін айғақтарын өзгерткен жәбірленуші мен куәгерге қатысты қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Алматы облыстық сотына сілтеме жасап.
Айыпталушы 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды
Сот ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы 1-бөлігі ("Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру") бойынша айыпталған А.-ға қатысты қылмыстық істі қарады. Талқылау қорытындысы бойынша оған 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру және жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтеу тағайындалды.
"Істі қарау барысында сот жәбірленуші Р. мен куәгер А.-ның сотталушыны жауапкершіліктен құтқару мақсатында соталды тергеу кезінде берген бастапқы айғақтарын өзгерткенін анықтады", - деп хабарлады сот.
Осыған байланысты сот екеуінің де іс-әрекетінен ҚР ҚК-нің 420-бабында ("Көрінеу жалған айғақтар беру") көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілерін байқап, жеке қаулы шығарды.
Екеуіне де қылмыстық іс қозғалды
2026 жылғы 19 маусымда Алатау қаласының полициясы жәбірленуші Р. мен куәгер А.-ға қатысты ҚР ҚК-нің 420-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғады.
Соттың жеке қаулысы заңды күшіне енді.
