Жаңбыр тоқтап, аптап оралады: 6-8 тамызда Астана мен Алматыда ауа райы қандай болады?
"Қазгидромет" синоптиктері Алматы мен Астанадағы 6, 7 және 8 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Астанадағы ауа райы
6 тамызда күн құбылмалы, түнде жаңбыр жауып, күн күркірейді. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +13...+15 градус, күндіз +26...+28 градус болады.
7 тамызда күн құбылмалы, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 5-10 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +13...+15 градус, күндіз +26...+28 градус болады.
8 тамызда күн құбылмалы, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 5-10 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +11...+13 градус, күндіз +28...+30 градус болады.
Алматыдағы ауа райы
6 тамызда күн құбылмалы, аздап жаңбыр жауып, күн күркірейді. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр, екпіні 13 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +17...+19 градус, күндіз +29...+31 градус болады.
7 тамызда күн құбылмалы, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +15...+17 градус, күндіз +31...+33 градус болады.
8 тамызда күн құбылмалы, күндіз өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +16...+18 градус, күндіз +31...+33 градус болады.
Қазақстанға жаңа аптап толқыны келе жатыр
Бұған дейін синоптиктер жақын күндері Қазақстанда ыстық тағы күшейетінін хабарлаған болатын. Иран аумағынан келетін жылы ауа массалары еліміздің батыс және оңтүстік аймақтарына қатты ыстық әкеледі. Толық болжамды мына жерден оқыңыз.
