30 бен 76 жас аралығындағы қазақстандықтар тегін тексеруден өте алады: нақты қандай?
30 бен 76 жас аралығындағы қазақстандықтар қатерлі ісік, диабет, жүрек аурулары және басқа да қауіпті дерттерді белгілері байқалмай тұрып анықтауға көмектесетін тексеруден тегін өте алады. Tengri Health Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, жасына қарай кімге және қандай скринингтер жүргізілетінін хабарлайды.
Сізге қандай тексеруден өтуге болатынын тексеріңізӘйелдерге:
30 бен 74 жас аралығында (төрт жыл сайын) - жатыр мойны обырын ерте анықтау скринингі;40 пен 76 жас аралығында (екі жыл сайын) - сүт безі обырын ерте анықтау скринингі.
Ерлерге:
50 мен 76 жас аралығында (екі жыл сайын) - ми қайнайналымының бұзылуын ерте анықтау скринингі.
Барлығына:
40 пен 76 жас аралығында (екі жыл сайын) - артериялық гипертонияны, жүректің ишемиялық ауруын, қант диабетін, глаукоманы және мінез-құлықтық қауіп факторларын ерте анықтау скринингі;50 мен 76 жас аралығында (екі жыл сайын) - колоректальды қатерлі ісікті ерте анықтау скринингі;
Жасына қарай тексеруден өту үшін тіркелген жері бойынша емханаға, учаскелік дәрігерге хабарласу қажет.
Естеріңізге сала кетейік, жақында Денсаулық сақтау министрлігі алғаш рет өкпе обырын ерте анықтауға арналған скринингті енгізді. Ол 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68 немесе 70 жасқа толған ерлер мен әйелдерге арналған. Толығырақ мына жерден оқыңыз.
