Әлімханұлының жаңа салмақтағы титулдық жекпе-жегі: WBO президенті мәлімдеме жасады
Дүниежүзілік бокс ұйымының (WBO) президенті Густаво Оливьери қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы жаңа салмақта титулдық жекпе-жек сұрауы мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Tengri Sport The Ring-ке сілтеме жасап.
Басылымға берген сұхбатында WBO президенті қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы жаңа дивизиондағы алғашқы жекпе-жегінде-ақ чемпиондық титул үшін таласуды сұрауға мүмкіндігі бар екенін айтты.
Оның екі ұйым бойынша жеңілмеген бұрынғы чемпион мәртебесі мұндай мүмкіндік береді, алайда бәрі комиссияның шешіміне байланысты болмақ.
"Теориялық тұрғыда Жәнібек өзінің жеңілмеген бұрынғы әлем чемпионы мәртебесіне сүйеніп, жоғарырақ салмақ дәрежесінде міндетті үміткер мәртебесін сұрай алады. Комитет мұндай өтінішті қарастырып, оған Хамза Ширазға міндетті үміткер болуға рұқсат бере ме, жоқ па – оны уақыт көрсетеді", - деді Густаво Оливьери.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
JANIBEK | QAZAQ STYLE (@janibek_alimkhanuly) жарияланымы
Жәнібек Әлімханұлы белбеуден не себепті бас тартты?
Еске сала кетейік, 33 жастағы қазақстандық боксшы қанынан тыйым салынған зат табылғандықтан, жекпе-жектерден уақытша шеттетілген болатын.
Дау басталғанға дейін Жәнібектің орта салмақта IBF және WBO нұсқалары бойынша екі әлем чемпионы атағы болған. Допинг қолданғаны расталғаннан кейін IBF бірден белбеуді қайтарып алды, ал WBO қазақстандықтың чемпиондық атағын сақтап қалды.
Рингке қайта оралуы мүмкін мерзімнен жарты жыл бұрын (дисквалификация желтоқсанда аяқталады) Әлімханұлының командасы екінші орта салмаққа өтуді алдын ала бекіту үшін орта салмақтағы титулдан бас тарту туралы шешім қабылдады.

Жәнібектің менеджері Берік Сұлтанның айтуынша, қазақстандық басқа санатта әлем чемпионы болғандықтан, бірден титулдық жекпе-жекке шығу мүмкіндігіне ие. Сонымен қатар, супер орта салмақта әлеуетті қарсыластардың есімдері әлдеқайда танымал: мысалы, мексикалық Сауль Канело Альварес, Эдгар Берланга, Хамза Шираз, Хайме Мунгия және басқалар.

Аңызға айналған Канело мансабын аяқтауға қатысты пікір білдірді