“Ештеңеге өкінбейміз“: Англия бапкері Әлем чемпионатындағы жеңілісі туралы пікір білдірді
Англия құрамасының бас бапкері Томас Тухель әлем чемпионатының 1/2 финалында Аргентинадан жеңілгеннен кейін ойынды қорытындылады. Оның пікірінше, шәкірттері ең үздік матчтерінің бірін өткізді, деп хабарлайды Tengri Sport.
Англия құрамасы 85-минутқа дейін есепте алда тұрғанымен, екінші таймның соңында екі гол жіберіп алып, жеңісті қолдан шығарып алды.
"Жеңілістен соң менің шешімдерім қате болды деп айту оңай. Бүгін біз ең үздік ойындарымыздың бірін өткіздік. Бәлкім, ең жақсысы болар. Еш өкінбейміз", - деді Томас Тухель.
???????????????????????????????? Томас Тухель: "Бүгін біз ең үздік ойындарымыздың бірін өткіздік. Мүмкін, ең жақсы ойынымыз шығар"."Біз ештеңеге өкінбейміз".pic.twitter.com/SK5KLhywoi
— Fabrizio Romano (@FabrizioRomano) July 15, 2026
Айта кетейік, гол соғылғаннан кейін неміс маманы гол авторы, вингер Энтони Гордонның орнына қосымша қорғаушы Эзри Консаны шығарып, 5 қорғаушымен ойнау жүйесіне көшкен болатын.
"Жеңілістен кейін бәрін жақсырақ білетін миллиондаған жаттықтырушы табылады. Мәселе тактикалық схемада емес еді. Тек ойын барысы түбегейлі өзгеріп кетті. Шешімді мен қабылдаймын", - деп толықтырды ағылшындардың бапкері.
???????????????????????????????? Томас Тухель: "Жеңілістен кейін бәрін жақсырақ білетін миллиондаған бапкер табылады"."Бұл құрылымдық мәселе емес еді. Ойын барысы мүлдем өзгеріп кетті. Шешімдерді мен қабылдаймын".pic.twitter.com/YuJM19FvQ8

Англия құрамасы турнирдегі соңғы матчін Францияға қарсы өткізеді. Командалар 2026 жылғы мундиальдың үшінші орны мен қола жүлдесі үшін таласады.
Кездесу шілденің 18-нен 19-на қараған түні Қазақстан уақытымен сағат 02:00-де басталады.
Жеңістен кейін Аргентина құрамасының капитаны Лионель Месси әлем чемпионатының жартылай финалындағы Англияға қарсы матчтің қорытындысы туралы пікір білдірді.