ru24.pro
World News
Июль
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Ақша жуылып кетсе не болады? Ұлттық банк ерекше сынақты көрсетті

0
Банкнотаны байқаусызда киіммен бірге жуып жіберсеңіз, жаңбыр астында қалса немесе әмиянда ұзақ уақыт жүрсе, оған не болады? Қазақстан Ұлттық банкі ақша айналымға шықпас бұрын қандай сынақтан өтетінін айтып берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Атап айтқанда, әрбір банкнота бірқатар сынақтан өтеді.
Кезеңдердің бірі – ластануға төзімділігін тексеру.
Сынақта мамандар банкноталарға күнделікті айналым кезінде жұғуы мүмкін ластануды дәл қайталайтын арнайы қоспаны пайдаланады.
Тестілеу алдында мамандар қағаздың бастапқы сипаттамасын саралайды, кейін ақша айналымға түскенде кездесетін әсерлерді имитациялайтын арнайы құрылғыға салады. Сынақ аяқталған соң қайта өлшеу жүргізіп, алынған нәтижені сараптайды.

"Банкнотаны қалтаңызда ұмытып кетіп, кір жуғыш машинаға салып жіберсеңіз де, бұл біз үшін тосын жағдай емес – мұндай сценарий сынақ бағдарламасында алдын ала қарастырылған. Сынақ кезінде банкноталар суға, жуғыш заттарға, механикалық үйкеліске және күнделікті өмірде кездесетін әсерлерге сыналады", – деп хабарлады Ұлттық банк.

Сынақтан кейін мамандар банкноталардың сапасын бағалап, қорғаныш элементтерінің бүлінбейтінін тексереді.












Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Қазақстан Ұлттық Банкі (@national_bank_of_kazakhstan)







Бұдан бөлек банкноталардың беріктігі, икемділігі және төзімділігі сыналады. Ұлттық банк осындай зерттеулер заманауи технологияларды енгізуге және айналымда жүргенде сапасын, сенімділігін және қорғаныш қасиетін сақтайтын банкноталар әзірлеуге мүмкіндік беретінін атап өтті.
Заманауи банкноталар көптеген сынақтан өткеніне қарамастан, оларды ұқыпты ұстау қажет. Купюраларды қатты бүктемеуге, жыртпауға, жазу жазбауға немесе ылғал жерде сақтамауға кеңес беріледі. Ұқыпты қолдану банкноталардың қызмет ету мерзімін ұзартуға және олардың қорғаныш элементтерін сақтауға көмектеседі.
Бұған дейін 2012 жылғы үлгідегі номиналы 2000 теңгелік банкноталар төлемге қабылданбайтыны хабарланған болатын. Оларды қайда айырбастауға болатынын мына жерден оқыңыз.
Тағы оқыңыз: 2000 теңгелік банкнот енді жарамсыз: оны қайда айырбастауға болады?