ru24.pro
World News
Июль
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

“Жылауық сияқты“: Франция құрамасының бапкері Испаниямен ойындағы төрешілік туралы пікір білдірді

0
Франция құрамасының бас бапкері Дидье Дешам футболдан әлем чемпионатының жартылай финалындағы Испанияға қарсы ойынның төрешісін сынға алды, деп хабарлайды Tengri Sport.
Француздар қатарынан үшінші рет әлем чемпионатының финалына шығу мүмкіндігінен айырылып, 0:2 есебімен есе жіберді. Бірінші гол пенальтиден соғылды, ал бүкіл матч бойы небәрі үш сары қағаз көрсетілді.
Франция құрамасы тәлімгерінің пікірінше, матч төрешісі Иван Бартон мұндай деңгейдегі ойынға лайықты емес.

"Егер мен бірдеңе айтсам, жеңіліп қалған соң сылтау іздеген адам сияқты көрінемін. Бірақ мен сіздерден сұраймын, төреші жартылай финал деңгейіндегі төрелікке сай ма? Пенальти болды, бірақ мәселе тек сонда ғана емес; мұның бәрі жинала келе әсер етеді. Менің бүгінгі төрешіге жеке наразылығым жоқ, бірақ бұл сұрақты өздеріңізге қойып көріңіздерші", - деді ол матчтен кейінгі баспасөз мәслихатында.



Франция құрамасының бас бапкері Дидье Дешам: "Мен сіздерден сұраймын, бірақ жауап бермеймін. Жеңілгеннен кейін шағымданған болып көрінгім келмейді, бірақ... бүгінгі төрешінің деңгейі Әлем чемпионатының жартылай финалында төрелік етуге сай ма?"pic.twitter.com/svH8QxXvkM
— Albert Ortega (@AlbertOrtegaES1) Шілде 14, 2026
Еске сала кетейік, Испания қақпасына пенальти 22-минутта қорғаушы Люка Диннің Ламин Ямальға қарсы дөрекі фолынан кейін белгіленді.
Ойын барысында төреші тағы бірнеше ереже бұзушылықтарды, мысалы, Ямальдың Килиан Мбаппеге қарсы жасаған фолын елеусіз қалдырды.

Ямаль Мбаппеге қарсы дөрекі тәсіл қолданды, бірақ ол қалайша ескертусіз құтылып кетті? ???? pic.twitter.com/Zd4LVCaJ6V
— Cleverly ???? (@Cleverlydey4u) Шілде 14, 2026
Испания құрамасының бапкері әріптесінің пікірімен келіспейді
Испания құрамасының бас бапкері Луис де ла Фуэнтеден де төрелікке қатысты пікір сұралды. Оның айтуынша, төрелік даулы болғанымен, төрешінің біліктілігіне күмән келтіретіндей емес.

"Мен бұған келіспеймін. Бірнеше даулы офсайдтар мен күмәнді сәттер болды, бірақ мен төрешінің жұмысын талқыламаймын. Мен үшін Испания құрамасының жорығын жалғастыруы маңыздырақ", - деп мәлімдеді ол.

Айта кетейік, Испания құрамасы осымен үшінші рет қатарынан француздарды бетпе-бет кездесуде жеңіп отыр. Бұған дейін олар Ұлттар лигасының жартылай финалында (5:4) және Еуро-2024 (2:1) турнирінде басым түскен болатын.

Әлем чемпионатының финалы 19-ынан 20-сына қараған түні өтеді. Испания құрамасы шешуші ойында Англия - Аргентина кездесуінің жеңімпазымен кездеседі.
Мбаппе кубоксыз қалды: Испания Әлем чемпионатының финалына шықты
Бұған дейін Дешам ӘЧ-2026-дан кейін Франция құрамасынан кететіні, ал оның орнын Зинедин Зидан басатыны хабарланды.