ru24.pro
World News
Июль
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Астанада жаңа LRT құрылысы байқалды: фото

0

Астанада жеңіл рельсті көлік (LRT) – Tarlan Astana құрылысы жалғасып жатыр. Елорданы Қосшымен байланыстыратын желіде жұмыс басталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.Әңгіме Айтматов көшесі туралы болып отыр.

Жұмыс басталғалы жатқан сыңайлы. Оқиға орнынан арнайы киім киген жұмысшыларды байқадық.

Сондай-ақ мұнда техника көп, жол белгілері мен арнайы қоршау қойылған.

Фото: Tengrinews.kz/ Нұрлан Алжабаев

Фото: Tengrinews.kz/ Нұрлан Алжабаев

Егер "Astana LRT" деген жазу болмаса, мұнда әдеттегі жол жөндеу жұмыстары жүріп жатыр деп ойлауға болар еді.

Фото: Tengrinews.kz/ Нұрлан Алжабаев

Бірақ бұл жерде жақын арада болашақ жеңіл рельсті көлікке арналған әйгілі тіректер бой көтеретінін аңғартатын белгілер аз емес.

Фото: Tengrinews.kz/ Нұрлан Алжабаев

Фото: Tengrinews.kz/ Нұрлан Алжабаев

Айта кетейік, "Astana LRT" деген ескі атау қоршауларда бірінші кезең құрылысынан бері қалған көрінеді.

Фото: Tengrinews.kz/ Нұрлан Алжабаев

Дегенмен біз "Tarlan Astana" деген жаңа атауды да байқадық.

Фото: Tengrinews.kz/ Нұрлан Алжабаев

Жоба операторы CTS компаниясы бұл жұмыс Қосшы бағытына қарай LRT екінші кезеңінің жалғасы екенін растады.

Фото: Tengrinews.kz/ Нұрлан Алжабаев

Желі Айтматов көшесі бойымен екі бағытта жүргізіледі.

Фото: Tengrinews.kz/ Нұрлан Алжабаев

Айтматов көшесі Сығанақ көшесімен қиылысады, оған жақын жерде "Хан Шатыр" СОО орналасқан.

ЛРТ-ның қазіргі қозғалыс схемасы. Дереккөз: CTSБұған дейін CTS басшысы Асылбек Дүйсебаев LRT желісін "Хан Шатырдан" бастап, ескі вокзалға дейін ұзарту жоспарланғанын хабарлаған болатын.

Фото: Tengrinews.kz/ Нұрлан Алжабаев

Оның айтуынша, оң жағалаудағы LRT құрылысы үш жылға созылуы мүмкін.

Фото: Tengrinews.kz/ Нұрлан Алжабаев

Ал қаржыландыру болған жағдайда, Қосшыға дейінгі желіні 2027 жылдың аяғына дейін ұзартуы мүмкін.

Фото: Tengrinews.kz/ Нұрлан Алжабаев

Айта кетсек, Қосшы бағытында тіреулер орнатылып қойған. Бұған дейін құрылыс аумағындағы құлаған ағаштар туралы жазған болатынбыз. Кейін құрылыс жұмыстарына орын босату үшін ағаштар басқа жерге ауыстырып отырғызылып жатқаны белгілі болды.

Тағы оқыңыз: Astana LRT-ға ресми түрде жаңа атау берілді: бекеттерде не өзгерген?